French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан үкіметінің делегациясы Чехияға ресми сапармен барды
12:20 / 2023-10-11

10 қазанда Чехия Үкімет үйінде Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов пен Чехия Премьер-Министрі Петр Фиаланың жетекшілігімен екі елдің үкіметтік делегацияларының кездесуі өтті.

Кездесуде елдер арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың жай-күйі мен алдағы міндеттер талқыланды.

Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында өзара сауда көлемі 2,5 есеге жуық өсті. Бұған Өзбекстанның Еуропалық Одақтың Жалпы преференциялар жүйесіне (GSP+) қосылуы да ықпал еткен.

Дегенмен, бұл көрсеткіш қолда бар әлеуетке сәйкес келмейтіні, өзара саудадағы теңгерімсіздікті түзету бойынша белсенді жұмыс жүргізу қажет екендігі айтылған хабарламада.

Өзбекстан Еуропалық Одақтың жоғары стандарттары мен техникалық регламенттеріне сәйкес келетін дайын өнімді экспорттауға мүдделі.

«Осы тұрғыдан алғанда елімізде өндірілетін өнеркәсіп өнімдерін еуропалық нарықтарда бірыңғай СE (Certification Europe) белгісімен сертификаттау мақсатында тестілеу саласында ынтымақтастық орнату ұсынылды», делінген хабарламада.

Кездесуде инвестиция, құрылыс, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі, көлік, жұмыспен қамту, білім беру, медицина, туризм сияқты бірқатар бағыттар бойынша өзара ынтымақтастықты нығайту және одан әрі кеңейту мәселелері талқыланған.