БҰҰ-ның Нью-Йорктегі бас штаб-пәтерінде Өзбекстан және Индонезияның БҰҰ-дағы Тұрақты Өкілдіктері ұйымдастырған «Тұрақты даму үшін мәдениет пен креативті экономиканы қолдау» тақырыбында арнайы іс-шара өтті.
Шараға БҰҰ-ға мүше елдердің өкілдері, халықаралық ұйымдардың мүшелері және БҰҰ құрылымдарының мамандары басқосты. Өзбекстан тарапынан іс-шараға Мәдениет және өнерді дамыту қорының төрайымы Гаяне Умерова мен Өзбекстанның БҰҰ-дағы Тұрақты өкілі Улуғбек Лапасов қатысты.
Мәдени мұра агенттігінің хабарлауынша, шара барысында Гаяне Умерова креативті индустриялардың экономикалық даму мен мәдени мұраны сақтау саласындағы маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың өзектілігіне назар аударды.

Сонымен қатар, Ташкентте өткен IV Дүниежүзілік креативті экономика форумының сәтті ұйымдастырылғанын және 2025 жылы Самарқандта ЮНЕСКО-ның 43-ші Бас конференциясына дайындық жүріп жатқанын айтты. Бүгінде «креативті экономика», «креативті индустрия» ұғымдары бүкіл әлемде, соның ішінде Өзбекстанда да қарқынды дамып келе жатқанын айтылды. Бұл үрдіс барлық салада жаңа тәсілдер, инновациялар мен ерекше бағыттардың қалыптасуына ықпал етуде.
Кездесу барысында креативті экономиканың тұрақты дамуға, әлеуметтік интеграцияға және инновацияларға қосқан үлесі, сондай-ақ болашақ ынтымақтастықтың мүмкіндіктері талқыланды.