Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан кластерлері GOTS сертификатын алды
11:00 / 2023-05-23

Өзбекстандағы үш мақта-тоқыма кластеріне GOTS (Global Organic Textile Standard) сертификаты берілді.

Олар Бұхарадағы «BCT Cluster», Ташкент облысындағы «ТCT Cluster» және Сурхандариядағы «SCT Cluster».

GOTS сертификаты осы кластерлерде өндірілген тоқыма өнімдерінің халықаралық деңгейде экологиялық таза және табиғи деп танылғанын білдіреді.

Дәл осы GOTS сертификатын алғысы келетін тоқыма кәсіпорындарына қойылатын басты талап – мақта өсіруден бастап оны терең өңдеуге дейінгі барлық кезеңде экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік толығымен орындалуы керек. Яғни, қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін химиялық заттарды қолданбау, мәжбүрлі және балалар еңбегіне жол бермеу, дайын өнімде 70-75 пайыз органикалық талшық болуы керек.

Өзбекстандағы бұл бағыттағы жұмыстар біраз алдын басталған. Дәлірек айтсақ, 2019 жылы «BST Cluster», «Indorama Agro», «Navbahor Textile» мақта-тоқыма кластерлерінде осы бағыттағы пилоттық жоба басталды. Бұл жоба «Better Cotton Initiative» халықаралық ұйымының қолдауымен сәтті жүзеге асты. Оның нәтижесінде «Better Cotton» бағдарламасын танымал етуге және жаңа технологияны республиканың басқа кластерлерінде кеңінен қолдануға мүмкіндік беруде.

Жетістіктің басты факторы ретінде «Жақсы мақта» бастамасымен шектелмей, республикада органикалық мақта өсірудің жолға қойылуы екенін айта кеткен жөн. Атап айтқанда, «BCT Cluster» кластерінде 230 гектар, «ТCT Cluster» кластерінде 804, «SCT Cluster» кластерінде 1078 гектар жерде органикалық мақта өсіріледі. Алынған талшықты өңдеу, тіпті матаны бояуда табиғи бояғыштарды пайдалану қарастырылған.  

«Control Union» халықаралық ұйымының GOTS сертификатын беруі, Өзбекстанда ауыл шаруашылығында экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, климаттық өзгерістердің теріс салдарын азайту және мақта-тоқыма секторына халықаралық стандарттарды тиімді пайдалану бағытында жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстардың тағы бір жоғары бағасы болды. Бұл өз кезегінде Өзбекстанда мақта-тоқыма кластерлерінің жаһандық сауда тізбегіне қосылуын жеделдетуге жол ашады.