Өзбекстан хоккей федерациясы IIHF құрамына енді
Халықаралық хоккей федерациясының құрамына Өзбекстаннан басқа Алжир, Калумбия, Иран және Ливан елдерінің хоккей федерациялары да енді.
Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) Өзбекстан хоккей федерациясын құрамға мүше ретінде қабылдады.
Бұл Италия астанасы Рим қаласында өткен Халықаралық хоккей федерациясының конгресінде мәлімденді. Бұл федерация құрамына Өзбекстаннан басқа Алжир, Калумбия, Иран және Ливан елдерінің шайбалы хоккей федерациялары енді.
Өзбекстан хоккей федерациясы 2018 жылдың наурызында құрылып, 2019 жыл баснын бастап 2019/20 маусымында Ташкенттің «Хумо» хоккей клубы Жоғары хоккей лигасында (VHL) өнер көрсете бастады. Қазірде «Хумо» клубы бұл чемпионатта алты ойын өткізіп, бес ұпай жинады және Конференция 1-де 14-ші орынға ие болды.