Өзбекстан Халықаралық Зәйтүн өндірушілер Кеңесінде бақылаушы ел мәртебесіне ие болды
Ұйымға Өзбекстаннан бөлек Аргентина және Сирия елдері де бақылаушы ел мәртебесіне ие болған
Халықаралық Зәйтүн майы өндірушілер Кеңесінің (IOС) Грузия төрағалығында өткен 111 жалпы отрырысында Өзбекстан бақылаушы ел мәртебесіне ие болды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпарат қызметі таратқан хабарға сай, бейнебайланыс форматында өткен шара ашылуында «IOС» президенті Георгий Сванидзе қатысушыларды Өзбекстанның кеңестің құрамына кіру туралы өтініші туралы хабарлап және Өзбекстанның ұйымдағы бақылаушы ел мәртебесін алғандығымен құттықтады. Осы жиында Аргентина және Сирия елдері де ұйымға бақылаушы ел мәртебесіне ие болған.
Өзбекстанның IOS-ке мүше болу туралы шешімі Зәйтүн өндірушілердің халықаралық кеңесінің беделін нығайтып қана қоймай, сонымен бірге елде зәйтүн өндірісін дамытуға мүмкіндік беретін болады.
Іс-шара барысында Өзбекстан ұйым мүшелігіндегі зәйтүн өндіруші жетекші елдермен тығыз ынтымақтастықтың орнатып, елдегі зәйтүн индустриясының дамуына және зәйтүн плантацияларын кеңейтуге жағдай жасайтынын айтқан.
Халықаралық Зәйтүн майы өндірушілер Кеңесі 1959 жыл «зәйтүн майы» туралы халықаралық келісімнің(1956 жылы қабылданды) негізінде құрылған.