Өзбекстан кедейлікті азайту бойынша Қытай тәжірибесін зерттеуде
Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Джамшид Кучкаров бастаған Өзбекстан делегациясы Қытайға сапары барысында провинцияларды аралады.
Dunyo ақпарат агенттігінің хабарлауынша, делегация мүшелері кедейлікті азайту және ауылдық аумақтарды дамытудағы Қытай тәжірибесін зерделеу мақсатында Хэбэй, Ганьсу, Юньнань провинциялары мен қалаларында болып, осы салаларда атқарылып жатқан тәжірибелік жұмыстармен танысты.
«Делегация сапары барысында кедейлікті азайту және халықты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында туризм, сауда, ауыл шаруашылығы, гүл өсіру, өсімдіктерден табиғи дәрі-дәрмек өндіру және басқа да салаларда ұйымдастырылған жобалармен танысты», делінген хабарламада.