Кеден комитеті мен Мемлекеттік күзет қызметі «Ташкент-Аэро» мамандандырылған кеден кешені «Авиажүктер» сыртқы экономикалық қызмет кеден бекетінде шетелден Өзбекстанға әуе көлігімен әкелініп, кейін жүк көлігімен транзиттік режимде тасымалдануы жоспарланған салмағы 25 тонна 1000 қап кондитерлік көкнәр тұқымы азық-түлік тауарлары белгіленген тәртіппен кедендік тексеруден өтті.
Кеден комитетінің хабарлауынша, олар арасында нағыз есірткі санатына жататын 8,5 тонна көкнәр сабаны бар екені анықталған.
«Әдетте әртүрлі пісірілген өнімдерге қосылатын немесе үстіне себілетін кондитерлік көкнәр ұқсас болғанымен, дәстүрлі көкнәрден айтарлықтай ерекшеленеді. Яғни, бұл өнім көкнәр тұқымдасына жататын шөп өсімдіктерінің арнайы дайындалып, өңделген тұқымы.
Алайда, кедендік тексеру кезінде құжаттарда кондитерлік көкнәр деп көрсетілген 25 тонна тұқым мен сабанның ішінде нағыз есірткі болып саналатын 8,5 тонна көкнәр сабаны бар екені анықталған.

Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды Өзбекстан Республикасының аумағына әкелу, әкету және транзиттеу тәртібін, сондай-ақ олардың айналымын бақылауды жетілдіру туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы 330 санды қаулысына сәйкес көкнәр сабан республика аумағында тыйым салынған есірткі болып саналады.
Қазір бұл жағдайға байланысты кеден органдары қылмыстық іс қозғаған.
Айта кету керек, Өзбекстан кеден қызметінің соңғы 30 жылдық тарихында 8,5 тонна есірткіні бір мезеттер анықтау жағдайы алғаш рет болып отыр.