Өзбекстан «Isuzu D-Max» пикаптары негізінде жедел жәрдем көліктерін шығарады
Компанияның мәліметінше, бұл автомобиль осы маңызды қызмет үшін өте ыңғайлы болып, сенімділігімен және үнемділігімен ерекшеленеді
Жапонияның «ISUZU Motors» компаниясы және “Itochu Corporation” корпорациясы мен бірге 2006 жылы Өзбекстанда негізі қаланған «SamAvto» автокөлік зауытында «Isuzu D-Max» пикаптары негізінде жедел жәрдем көліктерін шығарауды қолға алды.
Компанияның мәліметінше, бұл автомобиль осы маңызды қызмет үшін өте ыңғайлы болып, сенімділігімен және үнемділігімен ерекшеленеді.
«Isuzu D-Max» пикаптары негізінде шығатын жедел жәрдем көліктері медицинаның нақты бағытына байланысты талаптар мен нұсқауларға сәйкес қосымша жабдықтармен жабдықталуы мүмкін.
Қазіргі уақытта «SamAvto» автокөлік зауытында «Isuzu D-Max» модификациясының екінші буыны саналушы «D-Max SAHAR», «D-Max OKSUS» және «D-Max IRBIS» автокөліктері шығады.