Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан-Иран бизнес форумында 200 миллион долларлық келісімдерге қол қойылды
16:03 / 2022-02-22

21 ақпанда Тегеранда Өзбекстан-Иран бизнес форумы өтті.

Өзбекстан делегациясын Премьер-Министрдің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Умрзаков, ал ирандық тарапты президенттің экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті Мухсин Резаи Мирхайот басқарды.

Делегация басшылары өз сөзінде екі елдің іскер топтары арасында серіктестік орнатудың әлі пайдаланылмаған орасан зор әлеуетін, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру және ұзақ мерзімді іскерлік қарым-қатынастарды орнату үшін мол мүмкіндіктерді атап өтті. Олардың қатарында Өзбекстанда шетелдік бизнесті қолдау, шетелдік капиталды қорғау, аймақтар мен салалардың инвестициялық әлеуетін дамытуды ынталандыру, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бар.

Іс-шарада екі елдің экономикасы өзара тиімді түрде бірін-бірі толықтырып отырғаны, осылайша тоқыма, химия, фармацевтика, электротехника, биомедицина, құрылыс материалдары және ауыл шаруашылығы сынды салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін қажетті жағдайлар жасалатыны атап өтілді. Бүгінгі таңда құс, балық шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және құрылыс материалдарын өндіру салаларындағы ірі жобалар сәтті жүзеге асырылды. Соңғы 5 жылда Өзбекстандағы ирандық капиталы бар кәсіпорындардың саны 4 есеге өсті.

Форум екі елдің іскер топтарының B2B кездесулеріне де бай болды. Кездесу барысында тараптар Өзбекстанда бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Шара соңында екі елдің делегация басшылары форумға қатысушыларды өзара мүдделі нақты келісімдерге қол жеткізу үшін тығыз және тиімді жұмыс істеуге шақырды. Форум қорытындысы бойынша ирандық және өзбек бизнесмендері арасында 200 миллион долларға жуық сомаға бірқатар инвестициялық келісімдер мен сауда келісімдеріне қол қойылды.