Өзбекстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
Қазірге келіп Ирандағы аурулар саны 13938 жанға жеткен
Таяу Шығас елдері арасында Иран мемлекетінде COVID-19 коронавирусының жаппай тарауының күрт өсуіне байланысты Президенттің бастамасымен Өзбекстан Үкіметінің шешімінеорай бүгін Ташкенттегі Ислам Каримов атындағы халықаралық әуежайынан гуманитарлық көмек ретінде дәрі-дәрмекпен медициналық қажет заттар жиынтығы жіберілді.
Иран Ислам Республикасына жіберліген медициналық заттар құрамында:
-бір рет қолданылатын стерильді медициналық қолғап;
-қорғаныс костюмдері;
-арнайы медициналық форма;
-медициналық маскалар;
-медициналық дәке;
-медициналық спирт;
-гигиеналық гель;
-Рутан таблеткалары, орын алған.
Осы арнайы ұшырылған рейс арқылы Ираннан 14 жүк тасушы шопыр мен жалпы 31-ге жуық кәсіпкерлер және студенттер қайтарылмақ. Қазірге келіп Ирандағы аурулар саны 13938 жанға жеткен. 4590 кісі індетті жеңіп сауыққан болса, 724 жанның өлімі тіркелген.

