Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Иранға гуманитар көмек жібермек
08:09 / 2020-03-13

Қазіргі уақытта Иранда аурулар саны 10 мыңнан асып, қаза тапқандар 429. Ал осы дерттен айыққандар жалпы 2959-ға жеткен


Бүгінгі күнде Таяу Шығыс елдері арасында коронавирустың қайнар көзіне айналған Иран елінде жағдай күн сайын нашарлап келеді. Аурулар саны сәт сайын артып, өлім көрсеткіші көбейуде. Елдегі медицинаныңда ахуалы шамалы. Дәрі-дәрмекпен медицинаға қажет заттардың жетіспеуі арқасында Иран Халықаралық валюта қорынан 5 млрд доллар көмек сұраған.

Ал Өзбекстан Үкіметі Ирандағы жағдайға алаңдаумен коронавирусқа қарсы күресте қолдау ретінде гуманитарлық көмек жіберуге шешім қабылдаған. Осы қаулыға сай мына заттар Иранға жіберілмек: 
-бір рет қолданылатын стерильді медициналық қолғап;
-қорғаныс костюмдері;
-арнайы медициналық форма;
-медициналық маскалар;
-медициналық дәке;
-медициналық спирт;
-гигиеналық гель;
-Рутан таблеткалары.

Осыған дейін Өзбекстан 12 ақпан мен 3 наурызда Қытай еліне екі рет гурамнитарлық көмек ретінде медициналық заттар жіберген болатын.

Қазіргі уақытта Иранда аурулар саны 10 мыңнан асып, қаза тапқандар 429. Ал осы дерттен айыққандар жалпы 2959-ға жеткен.