Өзбекстан интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте 7 сатыға төмендеді
Мобильді интернет жылдамдығы бойынша Өзбекстан 7 сатыға төмендеп, әлем бойынша 122-орынға жайғасты.
«Speedtest Global Index» сайтындағы хабарламаға сәйкес, рейтинг 141 елді интернет жылдамдығы бойынша салыстырған.
Бұл рейтингте ең жылдам мобильді интернет Қатарда тіркелген. Одан кейінгі орындарды Біріккен Араб Әмірліктері мен Норвегия елдері тұр.
Көрші Қазақстан елі 5 сатыға төмендеп, 95-орынға жайғасқан болса, Қырғызстан 3 саты төмендеп, 100-орынға, Тәжікстан 1 сатыға төмендеп, 137-орынға ие болған.
Сонымен қатар, рейтингтің соңында Ауғанстан тіркелген.