English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан институты әлемнің үздік ЖОО қатарына енді
11:23 / 2019-10-16

Бұл рейтингтің көш басын Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті бастап тұр


Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механизациялау инженерлік институты тәуелсіз Өзбекстан тарихында тұңғыш рет 2020 жылға арналған Шығыс Еуропа және Орталық Азия университеттерінің рейтингіне енгізілді.

Жоғарғы және орта арнаулы білім министрлігінің айтуынша, бұл министрліктің соңғы екі жылдағы Таймс жоғары білім беру(Times Higher Education) және QS сияқты жетекші халықаралық агенттіктермен елдегі жоғары оқу орындарының халықаралық беделін көтеру бағытындағы ынтымақтастығының нәтижесі болған.

Бұл институт QS рейтингі бойынша Шығыс Еуропа және Орталық Азия университеттерінің арасында 301-350 орындар аралығындағы ЖОО қатарына енген.

Осы атаулы рейтингтің басын Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті орыналып, 2-ші орында Санкт-Петербург мемлекеттік университеті жайғасқан. Рейтингте Ресей, Чехия, Түркия, Венгрия, Польша, Руминия, Словения, Хорватия, Беларусь, Болгария сынды елдердің ЖОО орын алған.

Жақында ғана, Өзбекстандағы ЖОО-ын әлемнің үздік 500 және университеттері қатарына енгізу мен оқу методикасын кезеңмен кредиттік жүйеге өткізу туралы Мемлекет басшысының жарлығы қабылданған еді.