Өзбекстан импортында ең жоғары үлеске ие 10 ел
Өзбекстанның импортында ең жоғары үлеске ие 10 ел белгілі болды.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында Өзбекстанның импорттағы үлесі бойынша Қытай мен Ресей көш бастап тұр. Осы уақыт аралығында Қытайдан 1 миллиард доллар, Ресейден 905,2 миллион долларлық өнім әкелінген.
Ел импортында ең жоғары үлеске ие қалған елдер:
- Қазақстан – 478,5 млн;
- Корея – 395,7 млн;
- Түркия – 282,8 млн;
- Германия – 162,3 млн;
- Үндістан – 92,4 млн;
- Түркіменстан – 90 млн;
- Украина – 77,9 млн;
- Бразилия – 65,2 млн доллар.
Сондай-ақ Өзбекстан экспортындағы 10 ел де жарияланды. Статистика комитетінің мәліметінше, қаңтар-ақпан айларында Өзбекстанның экспортында үлесі жоғары серіктес елдер мыналар:
- Ресей – 346,8 млн;
- Қытай – 310,5 млн;
- Түркия – 238,4 млн;
- Қазақстан – 141,7 млн;
- Қырғызстан – 115 млн;
- Ауғанстан – 94,6 млн;
- Тәжікстан – 65,3 млн;
- Украина – 36,1 млн;
- Иран – 23,7 млн;
- Түркіменстан – 18,8 млн доллар.
Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы 8,7 миллиард АҚШ долларын құрады.