Өзбекстан Халықаралық жібек желісіне қосылды
«Узбекипаксаноат» қауымдастығында Қытайдың Халықаралық экономикалық және технологиялық ынтымақтастық орталығы делегациясымен кездесу өтті. Онда елімізде жібек өндіру өнеркәсібін дамыту және екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Осы кездесуде мәлім болғандай, Өзбекстан Халықаралық жібек желісіне мүше болды.

Сонымен қатар, бұл мүшелік республика пілла шаруашылығына бірқатар мүмкіндік береді. Атап айтқанда, заманауи технологиялар мен ғылыми жобаларды енгізу, әлемдік нарыққа шығу, халықаралық жәрмеңкелер мен инвестициялық форумдарға қатысу, өзбек жібек өндіру мәдениетін кеңінен насихаттау және жаһандық ақпараттық-талдамалық ресурстарды пайдалану мүмкіндігі ашылады.
Сондай-ақ бұл қадам Өзбекстанның жібек өнеркәсібі саласындағы халықаралық беделін арттыруға және саланы жаңа деңгейге көтеруге маңызды үлес қосады.