Халықаралық нотариустар одағы – 91 елдің нотариустарын біріктіретін беделді ұйым.
Құрылғанына 75 жыл толған Халықаралық нотариустар одағының мүдделері БҰҰ, ЮНЕСКО, халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясын, Еуропалық комиссия мен Еуропалық Парламент, Еуропа Кеңесі және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарда көрсетіліп отыр.
Халықаралық нотариустар одағында түрлі комиссиялар мен жұмыс топтары жұмыс істеп келеді. Олардың ішіндегі ең ықпалдысы және Одақ қызметінде маңызды орын алатын комиссиялардың бірі – халықаралық нотариаттық ынтымақтастық комиссиясы.
Оның негізгі міндеті шет мемлекеттердің нотариаттық жүйелерін Одаққа қабылдау, тоқтата тұру және шығару мәселелерін қарастырып, олармен халықаралық қатынастарды орнату және дамыту, олардың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға көмектесу болып табылады.
Бұл комиссияның құрамы 15 мүшеден тұрады, оның 7-і Одақ тағайындайтын комиссия төрағасы, оның көмекшілері мен хатшылары, ал қалған 8-і ТМД-ға мүше 91 елдің өкілдері арасынан сайланады.
Өзбекстан осы беделді комиссияның құрамынан орын алды. Яғни, комиссияның 8 мүшесінің бірі Өзбекстан өкілі болады.
Айта кетейік, Өзбекстан Нотариаттық палатасы 2020 жылдың 22 қаңтарында құрылған. 2021 жылдың 3 желтоқсанында Халықаралық нотариустар одағының мүшелігіне қабылданды.