Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Халықаралық электротехникалық комиссияның (IEC) 87-ші Бас ассамблеясына қатысты.
16:44 / 2023-10-26

Алғаш рет Өзбекстанның Техникалық реттеу агенттігі IEC Бас ассамблеясына қауымдастырылған мүше ретінде шақырылып, агенттік өкілі сөз сөйледі.

Онлайн түрде өтіп жатқан Халықаралық электротехникалық комиссияның (IEC) 87-ші Бас Ассамблеясына 100-ден астам елден өкілдер қатысуда. Онда саудадағы техникалық кедергілерді жою, энергетика және электротехника стандарттарын жетілдіру, жаңа жобалар, жоғары білікті мамандар даярлау, мүше елдер арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі кеңейту мәселелері қарастырылуда.

IEC – 1906 жылы Женевада құрылған болып энергетика және электротехника өнеркәсібі үшін қажетті халықаралық стандарттарды әзірлеумен айналысатын халықаралық ұйым саналады. IEC-ке 83 мемлекет мүше, оның 60-ы толық мүше болса, 23-і ассоциацияланған мүше елдер.

ТМД елдерінен Ресей, Қазақстан, Беларусь, Грузия және Украина мемлекеттері мүшеі. Өзбекстан 2023 жылдан бастап осы ұйымның қауымдасқан мүшесі саналады.