Швейцарияның Женева қаласында Халықаралық еңбек конференциясының 112-сессиясы өтуде.
Сенат мәліметінше, Өзбекстан тарихта тұңғыш рет Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Әкімшілік Кеңесінің мүше болды.
Бұл Өзбекстанның жаһандық еңбек саясатына, ХЕҰ қабылдаған шешімдерге, еңбек қатынастары жүйесін жетілдіру бойынша жаңа ұсыныстар мен идеяларды әзірлеуге тікелей белсенді қатысуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді.
Хабарда айтылуынша, кейінгі жылдары Өзбекстанда азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, халықаралық стандарттар негізінде еңбек қатынастарын жақсарту мақсатында ауқымды реформалар жүзеге асырылған. Балалар еңбегі мен мәжбүрлі еңбек толығымен жойылды, лайықты еңбек қағидаттарын насихаттау, атап айтқанда, халықаралық еңбек, өндіріс, техникалық және экологиялық стандарттарды кеңінен қолдану мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде.
Бұл бағыттағы жұмыстарды халықаралық қоғамдастық, атап айтқанда ХЕҰ тарапынан мойындалып, бірқатар халықаралық конференцияларда Өзбекстанның қысқа мерзімде жоғары нәтижелерге қол жеткізген мемлекет ретінде басқа елдерге үлгі болып отырғаны атап өтілген.