«Өзбекстан глобал тур-2024» жарысы аяқталды
Ташкенттегі «Universal horses stables» ат спорты клубында «Өзбекистан глобал тур-2024» жарысының соңғы VIII кезеңі өтті.
Жарысқа қатысқан шабандоздар 145 см, 130 см, 125 см, 115 см және 105 см биіктіктегі кедергілерден секіріп, өз шеберліктерін көрсетті.
Жарысқа қатысқан Алишер Эркинов, Бахромжон Газиев, Улугбек Усманов, Фирдавсбек Давронбеков және Нурмухаммад Камолиддинов сынды спортшылар шеберлік жағынан теңдессіз екенін көрсетіп, жеңіс тұғырынан орын алды.
[gallery-20983]
VIII кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар тарапынан кубок, медаль және естелік сыйлықтармен марапатталды.
суреттерді түсірген Мухаммад АМИН, ӨзА