Өзбекстан ғалымдары жасаған коронавирусқа қарсы 2 вакцина ДДСҰ вакциналар тізіміне енгізді
Өзбекстандық ғалымдар жасаған коронавирусқа қарсы 2 вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакциналар тізіміне енгізді.
Инновациялық даму министрлігінің мәліметінше, министрлік жанындағы озық технологиялар орталығының коронавирустық S ақуызға негізделген рекомбинантты вакцинасы мен Ғылым академиясының Геномика және биоинформатика орталығының SARS-Cov-2 ақуыз фрагментінің үш саласы: pcDNA3. 1 (+) плазмасына индуцирленген NTD, RBD және HR1-HR2 вакцинасын ДДСҰ вакциналар тізіміне енгізген.
Қазіргі уақытта екі вакцина клиникалық сынақтарға дейінгі зерттеуден өтіп жатыр.
Еске салар болсақ, 17 сәуірде Республикалық арнайы комиссияның кеңейтілген жиыны өтіп, онда Премьер-министр Абдулла Арипов, - Сәтін салса, Өзбекстанда жылдың соңына дейін Отандық вакцинасын шығаратын болады, - деді.