Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан футболының жазғы трансферлік мерзімі өзгерді
11:02 / 2020-06-10

Суперлига ойындарының 4-тур кездесулері жанкүйерлердің қатысуынсыз 13 маусымнан бастап жасыл алаңға оралмақ


Өзбекстандағы профессионал футбол клубтары үшін 2020 жылғы жарыстар регламентінде жазғы трансферлік терезесі 6-31 шілде аралығында белгіленген болып, коронавирустық пандемия себеп чемпионаттағы үш айлық үзіліске орай оның мерзімі өзгерген.

Өзбекстан футбол қауымдастығының хабарынша әлемдік пандемияның жариялануы ұлттық чемпионаттың маусымдық кездесулеріне әсер етіп, жылдық күнтізбеге өзгерістер енгізуге тура келген. Соның нәтижесінде лигадағы 2020 жылғы жазғы трансферлік терезе мерзімі тамыз айының 10-31 күндері аралығына көшірілген.

Еске сала кетсек Өзбекстандағы футбол маусымын бастау алдынан клубтардың жаттығуларына 5 маусымнан бастап рұқсат берілген. Ал Суперлига ойындарының 4-тур кездесулері жанкүйерлердің қатысуынсыз 13 маусымнан бастап жасыл алаңға оралмақ.