French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан футболдан Азия кубогын өткізуге үміткер елдер қатарына қосылды
11:56 / 2026-02-05

Азия футбол конфедерациясы 2031 және 2035 жылдардағы Азия кубогының қабылдайтын елдерден өтінім қабылдау кезеңінің аяқталғанын хабарлады.

Атап өтерлік жайт, Өзбекстан алғаш рет Тәжікстан және Қырғызстанмен бірлесіп осы беделді құрлықтық турнирді қабылдауға үміткер елдер қатарына қосылды.

АФК президенті шейх Салман бен Ибрахим әл-Халифаның бастамасымен 2031 және 2035 жылдардағы Азия чемпионаттарын қабылдайтын елдер бір мезгілде анықталатын болды.

«Азия кубогы–2031» турнирін өткізуге Аустралия, Үндістан, Индонезия, Оңтүстік Корея және Кувейт өз кандидатураларын ұсынған. Сонымен қатар бұл тізімге Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанның бірлескен өтінімі де енгізілді.

Ал «Азия кубогы–2035» жарысын өткізуге Аустралия, Жапония, Оңтүстік Корея және Кувейт елдері таласып отыр.

Осылайша, Орталық Азия елдері алғаш рет Азия футболындағы ең ірі додалардың бірін бірлесіп қабылдауға нақты қадам жасап, аймақтық ынтымақтастықтың жаңа деңгейін паш етуде.