Өзбекстан футбол қауымдастығының жаңа президенті сайланды
Өзбекстан футбол қауымдастығының жарғысына сәйкес ұйым президентін сайлау өтті. Сайлау рәсіміне Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов қатысты.
Өзбекстан футбол қауымдастығы мүшелері қауымдастық президенті қызметіне Баҳодир Низомович Қурбановтың кандидатурасын ұсынды.
Делегаттардың бірауыздан қабылдаған шешімімен Баҳодир Низомович Қурбанов Өзбекстан футбол қауымдастығының жаңа президенті болып сайланды.