2024 жыл 27 мамырда Өзбекстан Республикасы мен Франция Республикасы Сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың он бесінші раунды өтті.
СІМ мәліметінше, тараптар делегацияларын Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Музаффар Мадрахимов пен Франция Сыртқы істер министрлігі Континенталды Еуропа департаментінің директоры Брис Рокфай басшылық етті.
Кездесуде Өзбекстан-Франция қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы мен одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
«Келіссөздер барысында 2022-2023 жылдарға арналған жоғары деңгейдегі өзара сапарлар аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық негіздерін кеңейту маңызды орын алды.
Тараптар парламентаралық байланыстарды тереңдету, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру, мәдени-гуманитарлық алмасуларды жеделдету, зияткерлік орталықтар арасындағы қарым-қатынасты нығайту мүмкіндіктерін талқылады», делінген хабарламада.
Сондай-ақ, экономикалық дипломатияны жандандыруға, энергетика, көлік, сумен жабдықтау, туризм, құрылыс және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға екі жақтың да мүдделі екендігі айтылған.
Ведомство дерегінше, кездесуде халықаралық және өңірлік проблемалар, сондай-ақ түрлі деңгейдегі бірлескен іс-шаралардың жоспары мен күн тәртібі туралы пікір алмасылған.