Әлем қазір стратегиялық минералдар бойынша жаңа кезеңге қадам басуда. Өзбекстан да бұл үрдістің бел ортасында болуға ниетті.
Өткен жылы Өзбекстан Еуропалық Одақпен маңызды шикізат саласында әріптестік орнату жөнінде келісімге қол қойған еді. Енді тағы бір қадам жасалды. Өзбекстанның Технологиялық металдар комбинаты Еуропаның маңызды шикізат альянсына ресми түрде мүше болды.
Еуропаның Маңызды шикізат альянсы литий, вольфрам, молибден және сирек жер элементтері сияқты ресурстарды қауіпсіз әрі тұрақты жеткізуді қамтамасыз ететін жетекші платформа болып саналады.
Бұл қадам Өзбекстан үшін бірнеше бағытт ЕО-пен институционалдық диалогты нығайтуға, шикізатты терең қайта өңдеу мен сапа стандарттарын енгізуді жеделдетуге, экспорттық әлеуетті арттыруға, инвестициялық тартымдылықты күшейтуге және Германия, Франция, Финляндия және Австриядағы технологиялық және ғылыми кластерлермен бірлескен бастамаларға жол ашады.
Альянс директоры Массимо Гаспарон ынтымақтастықтың стратегиялық маңызын атап өткен.
Бұл мүшелік Өзбекстанды қарапайым шикізат жеткізушіден инновациялық серіктес деңгейіне шығаратын маңызды қадам болмақ.