Өзбекстан Еуропаға құны 15 миллион евро болатын шафран экспорттады
Өзбекстан ақуыз бен майға бай, адам ағзасына пайдасы ұшан теңіз керемет шафран өнімінің 15 миллион евролық тауарын Еуропаға экспорттады.
Маусым айында «BMB TRADE GROUP» ЖШС итальяндық серіктестермен жалпы құны 15 миллион еуро болатын экспорттық келісімшартқа отырғаны белгілі болған еді.
Осы келісімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында 29 шілдеде «BMB Zafaron» брендімен тауарлардың бірінші партиясы Еуропа еліне жөнелтілді.
Болашақта Өзбекстанда өсірілген жоғары сапалы шафран өнімдерін кәрі құрлық елдеріне ғана емес, Америка мен Азия мемлекеттеріне де жеткізу жоспарлануда.