Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан эпидемияға дайындық рейтингінде 82-ші орында
12:47 / 2021-12-15

Американдық Nuclear Threat Initiative ұйымы, Джон Хопкинс университетінің денсаулық қауіпсіздігі орталығы мен Economist журналының талдау орталығы бірлесіп эпидемияға дайындық рейтингін жасады.

Талдау нәтижелеріне орай Орталық Азия елдерінде эпидемияға дайындық бойынша Қазақстан көш бастап тұр – 55 орын. Кейінгі кезекте Қырғызстан 68-ші, Өзбекстан 82-ші, Түркіменстан 119-шы орында. Аймақ елдері арасында соңғы орын Тәжікстан – 140 орында. 

Рейтингте жалпы 195 мемлекет енген болып, алғашқы ондықта АҚШ, Австралия, Финляндия, Канада, Таиланд, Словения, Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік Корея және Швеция елдері бар. Соңғы он ел қатарында (195-тен 185-ке дейін) Сомали, Йемен, Солтүстік Корея, Сирия, Экваторлық Гвинея, Науру, Орталық Африка Республикасы, Тувалу, Ниуэ аралы, Венесуэла және Оңтүстік Судан мемлекеттері тұр.

Рейтингті құру кезінде елдерге алты санат бойынша ұпайлар берілді. 

  • Бірінші категория – «Алдын алу». Онда микроорганизмдермен күрестің сапасы мен вакцинация деңгейі ескерілді. 
  • Екінші санат – анықтау(Detect).
  • Үшінші санат – «Жауап беру». Мұнда төтенше жағдайларға дайындық, денсаулық сақтау органдарының дайындық деңгейі, дағдарысқа қарсы коммуникация сапасы ескерілген. 
  • Төртінші категория – «Денсаулық». Ол аурухана жұмысының сапасын, дәрігерлер мен медбикелердің санын, карантиндік шараларды қолдану мүмкіндігін зерттейді.
  • Бесінші санат – «Заңнама» (Нормалар). Әңгіме саладағы заңдардың сапасы, халықаралық келісімдерге қатысу, індетпен күресті қаржыландыру туралы болып отыр. 
  • Алтыншы категория – «Тәуекел». Ол инфекциялармен күресті қиындататын саяси, әлеуметтік, экономикалық, инфрақұрылымдық және басқа да тәуекелдерді ескереді.

Жалпы, рейтинг құрастырушылар әлемдегі денсаулық жағдайына нашар баға берген. «Көптеген елдер COVID-19-бен күресу қабілетін тез дамыта алғанымен, олар болашақтағы эпидемиялық қауіптермен күресуге әлі дайын емес», - дейді зерттеушілер.

Барлық континетте дерлік қауп-қатер артып, халықтың осал топтарының қажеттіліктері назардан тыс қалуда. 2021 жылы әлемдік орташа балл 38,9 болды. Бұл көрсеткіш 2019 жылдан бері өзгерген жоқ, яғни COVID-19 салдарына әлі айтарлықтай реакция болмады.