Өзбекстан энергетика министрі UNIDO бас директорымен кездесті
Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов Біріккен Ұлттар Ұйымының Индустриалды даму жөніндегі ұйымының (UNIDO) бас директоры Герд Мюллермен кездесу өткізді.
Кездесуде, бүгінгі таңда UNIDO-мен көптеген салаларда белсенді ынтымақтастық бар екені баса айтылды.
«Атап айтқанда, тоқыма өнеркәсібі мен шағын экономикалық аймақтарды дамыту, саладағы инвестициялық жобаларға қаржыландыру тартуға байланысты атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі талқыланды», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, алдағы уақытта энергетика саласында ауқымды жұмыстарды ұйымдастырудың басым бағыттары айқындалған.