Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан елшісі Норвегия короліне сенім грамоталарын тапсырды
13:38 / 2025-05-19

Өзбекстанның Норвегиядағы жаңа тағайындалған елшісі Рахматулла Нуримбетов (резиденциясы Стокгольм қаласында орналасқан) Норвегия королі Харальд V-ке сенім грамоталарын табыс етті.

Салтанатты рәсімнен кейін өткен сұхбат барысында Өзбекстан мен Норвегия арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, технологиялық және мәдени-гуманитарлық қатынастардың қазіргі жағдайы және оларды дамыту келешегі талқыланды.

Сондай-ақ, климаттың өзгеруі салдарымен күресу, «жасыл» энергетиканы дамыту, кедейлікті азайту, әйелдер мен жастардың қоғамдағы рөлін арттыру сынды маңызды бағыттарда екіжақты ынтымақтастықты кеңейту үшін елеулі әлеует бары атап өтілді.

Айта кетейік, Өзбекстан мен Норвегия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 10 маусымда орнаған. Рахматулла Нуримбетов 2024 жыл 15 қазанда Өзбекстанның Швециядағы елшісі ретінде Стокгольм қаласына барған, ал 4 желтоқсанда Швеция королі Карл XVI Густавқа сенім грамоталарын тапсырған еді.