Өзбекстан елшісі Үндістан президентіне сенім грамотасын тапсырды
Өзбекстанның жаңадан тағайындалған елшісі Сардар Рустамбоев Делидегі «Раштрапати Бхаван» сарайында Үндістан президенті Драупади Мурмуға сенім грамотасын тапсырды.
Dunyo агенттігінің хабарлауынша, ресми рәсімнен кейін болған сұхбат барысында Өзбекстан мен Үндістан арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары талқыланған.
«Үндістан Президенті Өзбекстан Президентіне жоғары құрмет пен шынайы тілегін білдірді, еліміздің басшылығы мен халқына бейбітшілік, даму және гүлдену тіледі», делінген хабарламада.
Екіжақты ынтымақтастықтың заманауи жағдайы жоғары бағаланып, барлық салалардағы өзара тиімді қарым-қатынастардың одан әрі дамитынына сенім білдірілген.
Ведомство дерегінше, Үндістан Президенті Өзбекстан елшісіне өзара қарым-қатынасты нығайту жолындағы жауапты қызметінде табыс тілеген.