Өзбекстан елшісі Литва президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Өзбекстан елшісі Темур Рахмонов (резиденциясы – Рига қаласында) Литва президенті Гитанас Науседаға сенім грамоталарын тапсырды.
Ресми рәсімнен кейін өткен кездесуде Өзбекстан мен Литва арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланды.
Литва президенті Вильнюс пен Ташкент арасындағы саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстан Литваның ірі сауда-экономикалық серіктестерінің біріне айналғаны ерекше атап өтілді.
Сондай-ақ, Гитанас Науседа Литва тарапы Өзбекстанның Еуропалық Одақ аясындағы бастамалары мен Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесін қолдайтынын мәлімдеді.
Айта кетейік, Өзбекстан мен Литва арасындағы дипломатиялық байланыс 1992 жылғы 5 тамызда орнаған.