Өзбекстан елшісі Латвия Президентіне сенім грамотасын тапсырды
Өзбекстанның Латвиядағы жаңа елшісі Тимур Рахмонов Латвия президенті Эдгарс Ринкевичске сенім грамоталарын тапсырды.
«Dunyo» хабарлауынша, ресми рәсім аясында өткен сұхбат барысында Өзбекстан мен Латвия арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны дамыту перспективалары талқыланды.
«Латвия Президенті Рига мен Ташкент арасындағы саяси диалогты және екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйін жоғары бағалады. Ол 2023 жылдың соңына қарай Өзбекстан Латвияның ең ірі сауда-экономикалық серіктестерінің біріне айналғанын атап өтті», делінген хабарламада.
Ведомство дерегінше, Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар жоғары бағаланып, оның нәтижелері Еуропалық Одақ елдерінің барлығында құпталатыны айтылған.