Өзбекстан елшісі Греция президентіне сенім грамоталарын табыс етті
Афина қаласында Өзбекстанның Грециядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Абат Файзуллаев Греция президенті Константинос Тасуласке сенім грамоталарын тапсырды.
Салтанатты рәсімде екі ел арасындағы қатынастарды жаңа деңгейге көтеру мәселелері талқыланды.
Президент Константинос Тасулас жаңа елшілерді құттықтап, олардың жұмысына сәттілік тіледі. Ол елшілердің екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты дамытуға лайықты үлес қосатынына сенім білдірді.
Сұхбат барысында Греция басшысы геосаяси қайшылықтар күшейіп жатқан қазіргі кезеңде Өзбекстанның теңгерімді дипломатиясы аймақтық тұрақтылықты нығайтуға маңызды үлес қосып отырғанын айрықша атап өтті.
Сондай-ақ, ол соңғы жылдары Өзбекстан мен Греция арасындағы ынтымақтастық жаңа белеске көтерілгенін айтып, саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып жатқанын жеткізді.