Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Елшісі БАӘ Президентіне сенім грамотасын тапсырды
10:35 / 2022-09-23

Өзбекстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалған Абдулазиз Аққулов осы елдің президенті Мухаммад бен Зайд әл-Нахянға сенім грамотасын тапсырды.

СІМ мәліметінше, салтанатты шара Әбу-Дабидегі «Qasr Al-Watan» резиденциясында өтті.

«Сенім грамотасын тапсырудағы қысқаша сұхбат барысында БАӘ Президенті Өзбекстан-БАӘ қарым-қатынастары қарқынды дамып, жаңа практикалық мазмұнмен байып жатқанын атап өтті. Ресми Абу-Даби Өзбекстанмен ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және нығайту үшін барлық шараларды қабылдауға дайын екені айтылды», делінген ведомство хабарында.