Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан елшілігі Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне нота жолдады
10:05 / 2022-02-23

Қаңтар айында Қазақстанда болған тәртіпсіздіктер кезінде 14 Өзбекстан азаматы ұсталып, уақытша ұстау изоляторында отырғандығына байланысты Өзбекстан тарапы Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне толық ақпарат беріп, консулдық кездесу ұйымдастыруды сұрап нота жолдады.

Өзбекстан СІМ ресми өкілінің мәліметінше, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Азимованың сөзіне сілтеме жасап, биылғы жылдың қаңтарында Қазақстанда болған тәртіпсіздіктерден кейін 18 шетелдік, оның ішінде 14 Өзбекстан азаматы ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады.

Жағдайды анықтау үшін Өзбекстанның Нұр-Сұлтан қаласындағы Елшілігі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне ұсталған Өзбекстан азаматтары, олардың қамауда ұстау орындары, қылмыстық жауапкершілікке тартылу себептері туралы толық ақпарат беруді және Өзбекстанның Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктері қызметкерлері үшін консулдық кездесу өткізуді сұрап нота жолдады.

Осы жағдайға байланысты, Өзбекстан Республикасының Нұр-Сұлтан қаласындағы Елшілігі, сондай-ақ Алматы және Ақтаудағы Бас консулдықтары Қазақстанның жергілікті құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста екендігін мәлімдеген.