Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан елшісі Австрия президентіне сенім грамоталарын тапсырды
16:21 / 2020-10-01

Өзбекстанның Венадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып жаңадан тағайындалған Абат Файзуллаев Австрия Президенті Александр Ван дер Белленге сенім грамоталарын тапсырды


30 қыркүйекте Өзбекстанның Венадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып жаңадан тағайындалған Абат Файзуллаев Австрия Президенті Александр Ван дер Белленге сенім грамоталарын тапсырды.

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осынау шараға қабылдаушы ел тарапынан Австрия Президентінің сыртқы саясат және әскери мәселелер жөніндегі кеңесшілері, Сыртқы істер министрлігінің бас хатшысы және басқа да ресми тұлғалары қатысты.

А. Файзуллаев бұған дейін 2020 жылдың 19 тамызында Австрия Сыртқы істер министрлігіне сенім грамоталарының көшірмелерін тапсыраған еді. Дипломатиялық хаттамаға сәйкес, ол «Хофбургта» Австрия Президенті Александр Ван дер Белленге сенім грамотасының түпнұсқасын тапсырған кезден бастап Өзбекстан елшісі ретінде өз қызметіне толықтай кіріскен болып саналады.