Өзбекстан электронды үкімет рейтингінде 6 сатыға жоғарылады
Өзбекстан 2024 жылғы БҰҰ электронды үкімет рейтингінде 6 сатыға жоғарылап, индексі Very High EGDI тобына қосылды.
БҰҰ-ның Әлеуметтік және экономикалық мәселелер департаменті (UNDESA) 200-ге жуық мүше мемлекеттің электрон үкіметінің даму жағдайын көрсететін «UN E-Government Survey» 2024 жылғы нәтижелерін жариялады.
Цифрлық технологиялар министрлігінің хабарлауынша, 2022 жылдың нәтижелері бойынша Өзбекстан осы рейтингте 0,7265 көрсеткішпен 69-орында болған. 2024 жылы 0,7999 индексі бойынша 6 саты жоғарылап, 63-орынға көтерілді.

«Алғаш рет Өзбекстан электрон үкіметті дамыту индексі жоғары (High EGDI) тобынан өте жоғары (Very High EGDI) тобына өтті. Бұл нәтиже «Цифрлы Өзбекстан — 2030» стратегиясының мақсатты көрсеткіштерінде 2025 жылға белгіленген 0,75 көрсеткішінен де асып түсті», — делінген министрлік хабарламасында.