Лондонда (Ұлыбритания) өткен «World Travel Mart» халықаралық көрмесі аясында Өзбекстан саяхаттауға ең жақсы бағыт деп танылды.
Туризм комитетінің хабарлауынша, комитет төрағасының бірінші орынбасары Жамшид Абдусаломовқа 2024 жылы «Өзбекстан саяхаттауға ең жақсы мекен» марапаты табысталды.
Сыйлықты әлемдегі ең танымал туристік басылымдардың бірі «Lonely Planet» өкілі табыс етті. Lonely Planet - 1973 жылы Австралияда басталып, бүгінгі күнге дейін 150 миллионнан астам кітап шығарған туристік нұсқаулық және кітап шығарушы.

«Саяхатшылар ғасырлар бойы Өзбекстан бойынша далалардан өткен сауда жолдарын жалғастыруда. Кезінде гүлденген қалаларды байланыстырған түйе керуендерінің орнын жүрдек темір жолдар мен ішкі рейстердің ыңғайлы желісі басқан болса да, Самарқанд, Бұхара, Хиуа сияқты көне мәдениет ошақтары әлі күнге дейін Жібек жолы дәуірін еске түсіреді», деб жазған Lonely Planet.