Өзбекстан ең көп қарбызды Ресейге экспорттады
2025 жылдың қаңтар–маусым айларында Өзбекстан шетелге жалпы 29,9 млн АҚШ долларына тең 130,6 мың тонна қарбыз экспорттады.
Ұлттық статистика комитетінің хабарлауынша, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 52,7 мың тоннаға артық.
Алты ай ішінде Өзбекстаннан қарбыз импорттаған елдер арасында Ресей көш бастап тұр – бұл елге 66 мың тонна қарбыз жөнелтілген. Одан кейін:
- Қазақстан – 44 мың тонна
- Қырғызстан – 19 мың тонна
- Беларусь – 968 тонна
- Моңғолия – 618 тонна
- Латвия – 76 тонна
- Грузия – 66 тонна
- Польша – 61 тонна
- Басқа елдер – 121 тонна
Өзбекстандық қарбыз шетел нарығында сұранысқа ие өнімге айналып, экспорт географиясы жыл сайын кеңейіп келеді.