Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан еңбек, көші-қон және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау туралы халықаралық келісімге қосылды
19:19 / 2020-08-13

Өзбекстан еңбек, көші-қон және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау туралы халықаралық келісімге қосылу жөнінде Президент қаулысы қабылданды


Өзбекстан еңбек, көші-қон және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау туралы халықаралық келісімге қосылу жөнінде Президент қаулысы қабылданды.

Онда, Өзбекстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің еңбек, көші-қон және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау жөніндегі Консультативтік кеңесін құру туралы Келісімге өзгертулер енгізу туралы Хаттамаға (Минск, 2016 жылғы 28 қазан) қосылды.

Осыған байланысты, Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігі осы халықаралық келісімді орындауға жауапты құзыретті орган болып тағайындалды.

Еске сала кетсек, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің еңбек, көші-қон және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау жөніндегі Консультативтік кеңесін құру туралы келісімге 1992 жылы 13 қарашада Мәскеуде қол қойылды.