14 мамырда Нью-Йоркте Өзбекстан мен Доминика Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Бұл Өзбекстан дипломатиялық қатынастар орнатқан 137-ші мемлекет болды.
«Dunyo» ақпарат агенттігінің мәліметінше, екі ел үкіметтің атынан құжатқа Өзбекстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі, елші Бахтиер Ибрагимов және Доминика Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі, елші Лорин Баннис-Робертс қол қойды.
Доминика достастығы - Кариб теңізінің шығысында қоныс тепкен аралды мемлекет болып, 751 шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Халқының саны 70 000 адамды құрайды. Доминикан - Біріккен Ұлттар Ұйымының, Ұлттар Достастығының, Кариб теңізі қоғамдастығының (CARICOM), Кариб теңізінің ортақ нарығының және Шығыс Кариб теңізі ұйымының мүшесі болып табылады.
Тараптар халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ шеңберінде бірлескен жұмысты дамытуға қызығушылықтарын растап, екі ел арасында ынтымақтастықтың өзара тиімді бағыттарын анықтау үшін екіжақты қатынастарды жалғастыру туралы келісім жасалды.