Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Дүниежүзілік туристік ұйымының Басқарма кеңесі мүшелігіне ұсынылды
09:01 / 2021-01-23

Өзбекстан Туризм комитетінің төрағасы Азиз Абдухакимов бастаған делегация Дүниежүзілік туристік ұйымы (ДТҰ) Атқарушы кеңесінің 113-ші сессиясына қатысты.

Туризм комитетінің мәліметінше, айтулы шарада Азиз Абдухакимов елдегі туристік бағытты бамытуға қатысты өте өзекті екі мәселені алға тартқан. 

Бірінші бастамада - 2021-2023 жылдарға арналған ДТҰ-ның Атқарушы кеңесінің құрамына Өзбекстанның ұсынылуы мен бірге елде жүргізіліп жатқан реформалар мен жақын болашаққа арналған жоспарлар енгізілген. Ұйымның Атқарушы кеңесіне мүшелік Өзбекстанның әлемдік туристік саясатқа тікелей қатысуына және мемлекет мүддесін қорғауға қызмет етеді. 

Екіншісі - ДТҰ Бас ассамблеясының 25-ші сессиясын 2023 жылы Самарқандта өткізу.

Егер атаулы ұсыныс қабылданар болса, Өзбекстан алғаш рет БҰҰ-ның бірінші Бас ассамблеясын өткізетін болады. Бұл дегені «Бас ассамблеяны өткізу әлемдегі туристік индустрияның жетекші өкілдерін, бизнесмендер мен инвесторларды Өзбекстанға тарту, ұйымға мүше 158 мемлекеттен 2 мыңнан астам делегация өкілдерінің сапарын ұйымдастыру арқылы туризмнен түсетін кірісті арттыру мүмкіндігін береді», - деді Азиз Абдухакимов.

Мемлекеттік туризмді дамыту комитетінің басшысы Азиз Абдухакимов Испаниядағы сапар аясында корольімен Филипп VI пен кездесу өткізген. 

Хабарламада, Испания королі пандемиялық жағдай қалыпқа түскеннен кейін Өзбекстанға ресми сапармен баруға ниет білдіргені, айтылған.