Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан делегациясының Қытайға сапары аяқталды
17:58 / 2023-04-28

Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов бастаған Өзбекстан делегациясы 26-27 сәуірде «Орталық Азия – Қытай» сыртқы істер министрлерінің төртінші отырысына қатысу және Қытай үкіметі жоғары лауазымды өкілдері, іскер топтарымен келіссөздер жүргізу мақсатында сапармен Сиань қаласында болды.

СІМ ақпаратына сәйкес, «Орталық Азия-Қытай» министрлер кездесуі барысында өңірдегі елдермен Қытай арасында саясат пен дипломатия, өзара тәуелділік, сауда, көлік, жасыл энергетика, мәдениет және өнер салаларында ынтымақтастықты жандандырудың жаңа мүмкіндіктері туралы пікір алмасылды.

«Осы жылдың мамыр айында «Орталық Азия – Қытай» форматында өтуі жоспарланған саммиттің ұйымдастырушылық және мазмұндық аспектілеріне ерекше назар аударылды. Тараптар Ауғанстандағы жағдайды және аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты басқа да мәселелерді талқылады», делінген СІМ хабарында.

Ведомство дерегінше, сапар аясында Өзбекстан делегациясының басшысы Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Сыртқы істер министрі Цинь Ганмен келіссөздер жүргізіп, жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылуы, Өзбекстан-Қытай жан-жақты стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективалары, халықаралық және өңірлік күн тәртібі талқылаған.

Сонымен қатар, Қытай Коммунистік партиясы Шэньси провинциялық партия комитетінің хатшысы Чжао Идэмен кездесуде Өзбекстан-Қытай өңіраралық ынтымақтастығының перспективалық бағыттары талқыланса, Өзбекстан делегациясының басшысы Сиань қаласына сапары барысында Қытайдың жетекші «BYD» және «LONGi» компанияларының басшыларымен келіссөздер жүргізіп, Өзбекстанда бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылаған.