Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан делегациясы ТМД ПА мерейтойлық отырысына қатысты
20:45 / 2022-03-29

Бүгін, 29 наурызда Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының төрайымы Танзила Норбаева бастаған Өзбекстан парламенттік делегациясы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерейтойлық жиынға қатысты.

Сенат баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырысқа ТМД-ға мүше мемлекеттердің парламенттері мен халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.

Өзбекстан парламентінің жоғарғы палатасының спикері Ассамблея қысқа мерзім ішінде ТМД елдері парламентшілері арасындағы ынтымақтастықтың тиімді тетігіне айналғанын және әлемдік парламентаризм жүйесінде өзінің лайықты орнын алғанын атап өткен.

ТМД Өзбекстан үшін Достастық елдері азаматтарының мүддесі үшін ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша практикалық байланыстарды тереңдету алаңы болып табылады, – деді Т.Нарбаева.

Кездесуде Өзбекстан үлкен парламенттік отбасының белсенді мүшесі болып қана қоймай, ТМД аясында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруға лайықты үлес қосып отырғаны атап өтілді.

Отырыста «ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу туралы» қаулы қаралған негізгі мәселелердің бірі болды.

Сондай-ақ денсаулық сақтау, сайлау өткізу, сайлау процесі және басқа да мәселелер бойынша пікір алмасты.