Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан делегациясы ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысу үшін Минскіге барды
16:26 / 2021-05-28

Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов бастаған Өзбекстан делегациясы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысу үшін Минск қаласына барды.

Премьер-Министр баспасөз қызметінің дерегінше, ТМД Үкімет басшылары ең алдымен Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко қабылдауында болды.

Кездесу барысында ТМД-да басты назар бірыңғай экономикалық кеңістікті дамытуға бағытталуы керек екендігі, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшыларының кеңесінде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруда осы форматтағы диалогтың маңыздылығы айтылды.

Осыдан кейін делегация басшылары Беларусь астанасындағы Жеңіс ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. 

[gallery-2582]