ӨР Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрінің орынбасары Шахло Турдигулова бастаған Өзбекстан делегациясы Қытайдың Цзянсу провинциясының Сучжоу қаласында өткен «Қытай биомедициналық инновация және инвестиция» конференциясына қатысты.
«Шара аясында өткен қосымша отырыстарда Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрінің орынбасары Шахло Турдикулова Өзбекстандағы реформалар, инновациялық шешімдер және фармацевтика, биотехнология саласында жұмыс істейтін инвесторлар үшін жасалған жағдайлар мен мүмкіндіктер туралы толық ақпарат берді. Сондай-ақ Қытай фармацевтикалық компанияларын Өзбекстанға инвестиция салып, елдегі саланың дамуына үлес қосуға шақырды», делінген хабарламада.
Форум аясында Қытайдың бірқатар фармацевтикалық компанияларымен «G2B» форматында кездесулер өтіп, оның барысында компанияларға Өзбекстанда шетелдік инвесторлар үшін жасалған қолайлы жағдай, бизнесті жүргізуге зор мүмкіндіктер мен тартымды инвестициялық орта туралы жан-жақты мәлімет берілді.
Айта кетейік, 80 миллионнан астам халық тұратын Цзянсу провинциясы Қытайдың жетекші аймақтарының бірі саналады. Провинцияның жалпы ішкі өнімі бойынша Қытай аймақтары арасында екінші орында болып, 2022 жылы шамамен 1,8 триллион долларды құраған.