Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Зулайхо Махкамова бастаған делегация Қытайдың Фуцзянь провинциясының Сямэнь қаласында ұйымдастырылған «Қытай-Орталық Азия» форумына қатысты.
Конференцияға қатысушылар ӨзбекстанныңҚытаймен ынтымақтастығының басым бағыттарымен, республикадағы әйелдердің құқықтары және мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен, сондай-ақ кедейлікпен күрес саласындағы кешенді реформалардың нәтижелерімен таныстырылды.
Отбасы және қыз-келіншектер комитетінің төрайымы Азада Парпибоева «Әйелдер және тұрақты даму» сессиясына қатысты. Сапар барысында делегация мүшелері Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі төрағасының орынбасары, Бүкілқытайлық әйелдер федерациясының басшысы Шэн Юэюэ және Фуцзянь провинциясының партия хатшысы Чжоу Цзуймен кездесті.
Өзбекстандықтар Сямэнь қаласындағы күн көрісі төмен отбасыларға қамқорлық жасау мен кедейлікті азайту және Цзинань халыққа қызмет көрсету орталығында әйелдерді жұмыспен қамту тәжірибесімен жақыннан танысты.