Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Музаффар Мадрахимов бастаған делегация биыл 26-27 наурызда Парижде өткен ЮНЕСКО Атқарушы кеңесінің 219-сессиясына қатысты.
СІМ мәліметінше, шара аясында 2025 жылы Самарқанд қаласында өтетін ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясына дайындық мәселесі қаралды.
ЮНЕСКО мен мүше мемлекеттер басшылығы ЮНЕСКО-ның бас басқару органының отырысын Самарқандта өткізу туралы шешімді Өзбекстан үкіметі қабылдаған сәттен бастап осы шараға дайындық бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылғанын қуанышпен атап өтті.
Сапар аясында сондай-ақ Франция Президенті Әкімшілігінің Континенталды Еуропа бойынша кеңесшісі Бертранд Бушвальтер және Франция Сыртқы істер министрінің кеңесшісі Мелани Росселмен кездесулер өтті.
Келіссөздер барысында Өзбекстан-Франция ынтымақтастығының өзекті мәселелері, сондай-ақ биылғы жылға жоспарланған бірлескен іс-шаралардың кестесі мен күн тәртібі талқыланып, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге баса назар аударылды.