Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан делегациясы «Орталық Азия-Қытай» Сыртқы істер министрлерінің 3-ші кездесуіне қатысады
12:54 / 2022-06-07

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Владимир Норов ертең Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтанда өтетін «Орталық Азия-Қытай» министрлерінің үшінші кездесуіне қатысады.

СІМ мәліметінше, іс-шара барысында тараптар 2022 жылғы 25 қаңтарда дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына арналған «Орталық Азия – Қытай» онлайн-саммитінде мемлекет басшылары жариялаған бастамаларды жүзеге асыру жолдарын, сондай-ақ саяси , дипломатиялық, сауда – экономикалық, көліктік және мәдени-гуманитарлық салалардағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің өзекті мәселелерін талқылайды.

Сапар барысында делегация басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер де жоспарланған.