Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан делегациясы Орталық Азия елдерінің бірінші парламентаралық форумына қатысуда
13:41 / 2023-02-10

Қазақстанның Түркістан қаласында Орталық Азия елдерінің бірінші парламентаралық форумы өтуде.

Оған Өзбекстан Олий Мажлисі Сенатының төрайымы Танзила Норбоева бастаған делегация қатысуда.

Президент Шавкат Мирзияевтің бастамасы көрші елдер басшыларының қолдауының арқасында Орталық Азиядағы саяси диалогты жандандырып, өзара сенімді нығайтқанын айта кеткен жөн. Мемлекет басшыларының консультативтік кездесулерін құру нәтижесінде аймақтағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастық деңгейі жаңа белеске көтерілді.

Аймақ елдерінің өзара достыққа, жақын көршілікке және барлық саладағы стратегиялық әріптестікке негізделген қарым-қатынастары сапа және мазмұн жағынан байып келеді. Атап айтқанда, парламентаралық диалогты нығайту, орын алған кез келген кедергілерді бірлесіп жою басымдыққа айналды.

Форумның бірінші күні Сенат төрайымы Т.Нарбоева Орталық Азия елдері парламенттік делегациялары басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.

Мұнан соң делегация мүшелері Түркістан қаласының тарихи-мәдени ескерткіштерімен танысып, оның ішінде Хазірет Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралады.